АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ

Халықаралық тәжірибе алмасу аясында Авиация колледжінің оқытушылары мен студенттері China Southern Airlines әуе компаниясының оқу-өндірістік базасына және Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу институтына барды.

🎓 Қатысушылар авиациялық қозғалтқыштар, ұшқыштар кабинасының тренажерлары және әуе кемелерінің техникалық жүйелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасты.

🛫 Тәжірибелік сабақтар барысында борттағы төтенше жағдайларда әрекет ету, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авиациялық жүйелерді тексеру және ақауларды анықтау дағдыларын жетілдірді.

🤝 Сапар кәсіби құзыреттілікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

© 2026 Авиациялық колледж