Қабылдау комиссиясы

Авиация колледжі азаматтық авиация үшін техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Колледж негізгі орта білім (9 сыныптан кейін) және жалпы орта білім (11 сыныптан кейін) негізінде келесі мамандықтар бойынша білім береді:

07160800 мамандығы - Жердегі авиациялық радиоэлектронды жабдықтарды техникалық пайдалану.

Біліктіліктері:

4S07160802 - Радионавигация, радиолокация және байланыс технигі (9 сынып/2ж. 10 ай, 11 сынып/ 1 ж. 10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі жердегі радиолокациялық және радионавигациялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын әуежайларда, авиакомпанияларда, әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметтерінде жұмыс істей алады.

4S07160803 - Техник-электрик (9 сынып/2 ж. 10ай., 11 сынып/ 1 ж. 10 ай).

Бұл біліктіліктің түлегі көлік кешенінің электр жабдықтары бар авиация кәсіпорындарында, авиакомпанияларда және көліктің басқа салаларында жұмыс істей алады.

9 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, физика, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика, ағылшын тілі.

07160900 мамандығы - Әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету.

Біліктілігі:

4S07160902 - Жанар-жағар май материалдары бойынша авиатехник (9 сынып/2 ж.10 ай.)

Әуежайлардағы жанар-жағармай материалдары (ЖЖМ) қызметтерінде жұмыс істейтін маман жоғары біліктілікке ие болып, авиа жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеріп, ілеспе құжаттаманы ресімдейді. Бұл мамандықты меңгерген түлектер әуежайларда авиация саласының маңызды бөлігін қамтып, қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз етеді.

9 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, физика, ағылшын тілі.

07161000 мамандығы - Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

Біліктіліктері:

3W07161001 - Авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі слесарь-механик (11 сынып/10 ай.).

Бұл біліктіліктің түлегі авиажөндеу зауыттары мен кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Маман ұшу аппататтарының, агрегаттардың, авиациялық қозғалтқыштардың тораптары мен механизмдерін бөлшектеумен, монтаждаумен, жөндеумен, ақауын анықтаумен айналысады.

3W07161002 - Авиациялық техниканы құрастырушы слесарь (11 сынып/10 ай.).

Осы біліктіліктің түлегі әуе кемелерінің әр түрлі типтеріне арналған авиациялық техниканы жөндеу және қызмет көрсетуді жүзеге асыратын авиакәсіпорындарда жұмыс істей алады. Ол түйіндік, агрегаттық құрастыру, монтаждау және реттеу жұмыстарымен егжей-тегжейлі айналысады.

4S07161003 - В-3 санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник-механигі (9 сынып/2 ж. 10 ай., 11 сынып/1 ж. 10 ай.).

Осы біліктіліктің түлегі жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне қызмет көрсетіп, авиакәсіпорындарда жұмыс істей алады. Маман ең жоғары ұшу салмағы 2250 кг-нан аз ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарға техникалық қызмет көрсетумен және оларды пайдаланумен айналысады.

4S07161004 - А санатындағы әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету техник - механигі (9 сынып/2 ж. 10 ай, 11 сынып/1 ж.10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі авиакомпанияларда жұмыс істей алады. Маман әуе кемесін ұшу алдында қарап тексеріп шығады, компоненттер мен тораптарды ауыстырғаннан кейін борт журналдарын рәсімдеп, толтырады және ұшақ салонындағы ақауларды анықтап, оларды ақау тізімдемесіне енгізеді.

9 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, физика, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика, ағылшын тілі.

10410100 мамандығы - Әуе тасымалдауларын ұйымдастыру.

Біліктіліктері:

3W10410101 – Әуе тасымалдауларды сату және брондау агенті (11 сынып/10 ай.).

Түлек әуежайларда, авиакомпанияларда, туристік фирмаларда жұмыс істей алады және әуе билеттерін сатумен және брондаумен айналысады.

4S10410102 -  Әуе тасымалын ұйымдастыру жөніндегі агенті (9 сынып/2 ж. 10 ай., 11 сынып/ 1ж. 10 ай).

Осы біліктіліктің түлегі жолаушылар және жүк тасымалы қызметінің агенті, көлік тасымалдау менеджері - логисты, тасымалдау менеджері міндеттерін орындай алады.

9 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, алгебра, ағылшын тілі.

11 сынып базасындағы профильді пәндер: қаз.тілі / орыс тілі, Қазақстан тарихы, алгебра, ағылшын тілі.

Құжаттар тізімі:

1) Аттестат (түпнұсқа + көшірме);

2) Фото 3*4 – 4 дана;

3) Туу туралы куәлік + ЖСН немесе жеке куәлік;

4) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (анықтама+флюорография).

5) Бала денсаулығы.

6) № 063/у нысанындағы профилактикалық егулер картасы.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы белгісі бар мәртебесін анықтайтын құжатты ұсынады.

2026 жылы колледжге  оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

9-сынып базасында:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша – 2026 жылғы 25 маусымнан 22 тамызға дейін;
  • ақылы негізде – 2026 жылғы 25 маусымнан 27 тамызға дейін.

Грантқа өтінімдер eGov.kz порталы арқылы беріледі https://oqu.edu.kz/

11-сынып және орта білімнен кейінгі білім беру базасында:

  •  ақылы негізде оқуға құжаттар 2026 жылғы 25 маусымнан 27 тамызға дейін қабылданады.     

1. Негізгі орта білім (9-сынып) базасында ақылы оқуға қабылдау шарттары

1.1 Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының білім беру бағдарламалары бойынша ақылы оқуға негізгі орта білімі туралы құжаты (9-сыныпты бітіргені туралы аттестаты) бар тұлғалар қабылданады.

1.2. Қабылдау талапкермен бейіндік оқу пәндері бойынша өткізілетін жеке әңгімелесу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

1.3. Әңгімелесудің мақсаты – талапкердің жалпы білім даярлығының деңгейін айқындау, оның авиациялық бағыттағы білім беру бағдарламасын меңгеру қабілетін бағалау, сондай-ақ кәсіби қызығушылықтарын, бейімділігін және авиация саласында білім алуға деген ынтасын анықтау.

Әңгімелесу барысында авиация саласында жұмыс істеуге қажетті жеке қасиеттері, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауы, авиация саласына қызығушылығы, оның ерекшеліктері мен талаптарын түсіну деңгейі, сондай-ақ одан әрі оқу және кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тәртіптілік, күйзеліске төзімділік, жауапкершілік, ұқыптылық, қауіпсіздікке қойылатын жоғары талаптар жағдайында жұмыс істей білу және жедел шешім қабылдау қабілеті бағаланады.

2. Әңгімелесуді өткізу тәртібі

2.1. Әңгімелесу  бекітілген кестеге және талапкерлер тізіміне сәйкес өткізіледі.

2.2. Әңгімелесуге қатысу үшін талапкер мынадай құжаттарды ұсынады:

  • жеке басын куәландыратын құжатты немесе туу туралы куәлікті (түпнұсқасы салыстыру үшін);
  • құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

2.3. Карантин, әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қабылдау және/немесе емтихан комиссияларының жұмысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі.

2.4. Әңгімелесу ауызша түрде өткізіледі және аттестаттың орташа балына қарамастан, ақылы негізде оқуға түсетін барлық талапкерлер үшін міндетті болып табылады.

2.5. Таңдалған білім беру бағдарламасын меңгеруге түсушінің кәсіби бағдарлану деңгейін, уәждемесін және дайындығын айқындауға бағытталған сұрақтар.

2.6. Комиссия талапкерлер мен тиісті даярлау бағыты бойынша ұзақтығы 20 минуттан аспайтын жеке әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесу сұрақтарының тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.

3. Әңгімелесу нәтижесі

3.1. Әңгімелесу нәтижелері «өтті / өтпеді» жүйесі бойынша бағаланады.

3.2. Колледждің қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен рәсімделіп, қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.

3.3. Әңгімелесу нәтижелері туралы ақпарат Қабылдау қағидаларында белгіленген мерзімдерде Колледждің ресми сайттарында орналастырылады.

 

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қ., Ахметов к-сі, 44.

Автобустар: 86, 106, 33, 79, 87 аялдама: Азаматтық авиация академиясы

Колледж колл-центрі:
+7 (727) 346-92-06 (вн. 253)
+7 (771) 855-65-60 (whatsapp)

E-mail: aviation-сollege@agakaz.kz

Instagram: AVIATION_COLLEGE_

Telegram: Aviation_college_ 

Facebook: Авиация колледжі 


Біздің байланыс:

 

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Ахметов к-сі № 44


 

© 2026 Авиациялық колледж