PHOBOS командасының Western Edge Premier Event 2026 турниріндегі тарихи жеңісі!
2026 жылғы 28–31 мамыр аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ең беделді халықаралық турнирлердің бірі – Western Edge Premier Event өтті. Жарысқа әлемнің 10-нан астам елінен келген 88 үздік команда қатысты.
Алматы қаласындағы НЗМ Медеу мектебінің атынан қатысқан PHOBOS командасы турнирдің бірден төрт басты марапатын жеңіп алды:
🏆 Inspire Award Winner — Sea Division
🏆 Inspire Award Winner — Western Edge Premier Event
🏆 Winning Alliance Captain — Sea Division
🏆 Winning Alliance Captain — Western Edge Premier Event
PHOBOS командасы жарыстың барлық негізгі марапаттарын иеленіп, теңдессіз нәтиже көрсетті. Команда турнирдің абсолютті көшбасшысы атанып, инженерлік дайындықтың жоғары деңгейін, инновациялық ойлау қабілетін және ойын алаңындағы тиімділігін дәлелдеді.
PHOBOS командасының құрамында Авиация колледжінің ТМХ-249-2В3 тобының студенті Сайлаухан Алихан болғаны ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Ол команда мүшелерімен бірге осы халықаралық деңгейдегі зор жетістікке өз үлесін қосты.