2026 жылғы 30 мамыр күні колледж оқытушылары мен студенттері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында орналасқан Мұқағали Мақатаев мұражайында танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында қатысушылар қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығына арналған музей жәдігерлерімен танысып, ақынның рухани мұрасынан мол мағлұмат алды. Студенттер мен оқытушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығына деген құрметтерін білдірді.