Ишимбай Абдраимов атындағы Қырғыз авиациялық институтымен қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Авиация колледжіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқытушылар мен студенттерден құралған делегация келді.

Делегация құрамында тәжірибелі аға оқытушы Алаев Шавкет Нурмухамедович және колледждің 5 студенті бар. Бағдарлама аясында қонақтар оқу үдерісімен танысып, тәжірибе алмасып, авиациялық білім беру саласындағы заманауи бағыттар бойынша кәсіби байланыстарын нығайтуда.
Академиялық ұтқырлық — білім мен тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті арттыруға, студенттер мен оқытушылардың халықаралық деңгейде дамуына үлкен мүмкіндік беретін маңызды бағдарлама. Осындай ынтымақтастық екі оқу орны арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, болашақ авиация мамандарын даярлауға жаңа серпін береді. 
Қонақтарымызға жемісті сапар, жаңа білім, жарқын әсер және шығармашылық табыс тілейміз! 

© 2026 Авиациялық колледж