Біздің студенттерімізбен мақтанамыз!
«Ұлттық колледж лигасы» аясында Авиациялық колледж командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Қыздар арасындағы мини-футбол жарысының қорытындысы бойынша колледж командасы
II орын иеленді!
Жоғары шеберлік, белсенділік және лайықты ойын тамаша нәтижеге жеткізді!
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер, жарқын жеңістер және өз күштеріңізге сенімділік тілейміз!