«Әлемге саяхат» атты география пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар түрлі мемлекеттерді, олардың географиялық орналасуын, табиғи ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарын танып білді.
Оқытудың заманауи әдістері қолданылып, білім алушылар интерактивті тапсырмалар арқылы әлемді виртуалды түрде аралады.
Ашық сабақтың мақсаты — білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және географиялық білімдерін тереңдету.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, білім алушылардың белсенді қатысуымен есте қалды!