1 курс білім алушылар арасында «Информатика» пәнінен колледж ішілік олимпиада ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіру болды.
Сайыс 2 кезең бойынша өтті:
* I кезең – тест тапсырмалары
* II кезең – практикалық жұмыс
Жалпы олимпиадаға 18 білім алушы қатысып, олардың ішінен үздік нәтиже көрсеткен 11 қатысушы II кезеңге өтті.
Қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты.
Жеңімпаздар:
Гран-при – Абдибалиев Байел
1 орын – Замадинов Ислам
1 орын – Жолдасбекова Іңкәр
2 орын – Азамат Мухаббат
2 орын – Ерубаев Арсен
3 орын – Жубанов Ильяс
3 орын – Ғалымқызы Аруна
3 орын – Рахымбай Ильяс
Жеңімпаз білім алушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!